Телебаев Ғ.Т. еңбек жолын 1980 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітіргеннен соң, Қостанай облысы Рудный индустриалды институтында бастады. Институтта аға оқытушы, доцент, декан, проректор қызметтерін 1993 жылға дейін атқарды. Әкімшілік жұмыспен қатар философиядан, логикадан, мәдениеттанудан дәріс оқыды. 1987 жылы Мәскеуде «Юм – как предшественник позитивизма» тақырыбында кандидаттық диссертация, ал 1999 жылы «Проблема существования в философии Юма и Рассела» атты докторлық диссертация қорғады. 1993 жылдан бастап 1997 жылға дейін Президент Әкімшілігінде Мемлекеттік саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің консультанты, Талдау және стратегиялық зерттеу орталығының сектор меңгерушісі болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тектестігін қалыптастыру концепциясы», «ҚР тарихи сананы қалыптастыру концепциясы», «ҚР этномәдени білім беру концепциясы» атты маңызды құжаттарды дайындауға қатысқан. 1997 жылдан 2003 жылға дейін Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде Талдау бөлімі бастығы, Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметте социологиялық зерттеулерді еңгізуге өз үлесін қосты. Мемлекеттік жастар саясатын, үкіметтік емес ұйымдармен саясатты жолға қоюға еңбек сіңірді. 2003-2004 жылдар аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК және «Рауан Медиа Групп» АҚ Ақпаратты-аналитикалық орталықтарында директордың орынбасары, директор қызметтерін атқарды. Компаниялар имиджі мен рейтингтік зерттеулер бойынша аналитикалық баяндамалар дайындауды қамтамасыз етті. 2004-2005 жылдары Қазақстан-Британ техникалық университетінде философия мен құқық кафедрасын ашып, бірінші меңгерушісі болды. 2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы болып еңбек етті, мақалалар, баяндамалар, пресс-релиздер дайындауға ат салысты. 2008-2009 жылдары Еуразия Ұлттық университетінің профессоры болып, әлеуметтік антропология, философия, мәдениет әлеуметтануы пәндерден қазақ, орыс тілдерінде дәріс оқыды. 2009-2012 жылдары аралығында Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында болды. Сол жылдары мемлекеттік тіл саясаты, азаматтық қоғамды қалыптастыру саясаты, ұлтаралық және конфессияаралық қатынастарды реттеу саясаты, ақпарат саясатына өз үлесін қосты. 2012-2013 жылдары Көшпенділер мәдени мұрасы институтының директоры қызметін атқарды, жаңа Мәдениет институтын құруға еңбек етті. 2013-2014 жылдары «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорының басшысы болды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

С.М.Киров атынд.ҚазМУ
Жоғары
1980

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Доктор
04.10.2000

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
15.03.1996
профессор
30.06.2010
Қызығушылығы

1

Телебаев Газиз Турысбекович

Барлыбаева С.Х., Шубаева У.К., Иватова Л.М., Габитов Т.Х., Садыкова Р.К., Аташ Б.М., Курмангалиева Г.К., Молтобарова К.И., Шабденова А.Б., Алимжанова А.Ш., Нусипова Г.И.

"Мәңгілік ел" идеясы: кеше, бүгін, ертең

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кітапханасы 2019 - г. ISBN 978-601-7824-44-0 431 - стр. ҚАЗАҚСТАН

2

Телебаев Газиз Турысбекович

Жаһандану жағдайындағы этномәдени көбею: этноқиылыстар мен трансшекаралық: Ресей антропологтары мен этнологтарының XI Конгресінің материалдары бойынша Ұжымдық монография, 2015 жылғы 2-5 шілде / ред.В. В. Карлов, Е. А. Окладникова. - М. - Берлин: Директ Медиа, 2016. - 316 б. ISBN 978-5-4475-6091-1

DirectMedia 2016 - г. ISBN : 978-5-4475-609 18 - стр. ГЕРМАНИЯ

3

Телебаев Газиз Турысбекович

Қазақстан халқы: Энциклопедия

"Қазақ энциклопедиясы" 2016 - г. ISBN 978-601-7472-88 28 - стр. ҚАЗАҚСТАН

4

Телебаев Газиз Турысбекович

Ұлттық философия. - Баку, Әзірбайжан әдебиеті, 2019. – 904 Б.

Azәrbaycan nәriyyati 2019 - г. 51 - стр. ӘЗІРБАЙЖАН

5

Телебаев Газиз Турысбекович

"Мәңгілік Ел" құндылықтары негізінде оқушыларды патриоттық тәрбиелеу: Монография. / Жилбаев Ж. О. редакторлығымен – Нұр-Сұлтан: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық педагогикалық академия, 2020. – 160 б.

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина 2020 - г. ISBN 978-601-7353-29 9 - стр. ҚАЗАҚСТАН

6

Телебаев Газиз Турысбекович

ОРХОН-ЕНИСЕЙ МӘТІНДЕРІ ТҮРКІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ РЕТІНДЕ

DOĞU KİTABEVİ Cağaloğlu Yokuşu 2021 - г. ISBN : 978-625-7089-3 32 - стр. ТҮРКИЯ